Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

ШҚО-да түрмеден қашпақ болған қашқын ұсталды

134

Оқиға демалыс күні болған. Половинка кентіндегі №65 түзету мекемесін күзетіп тұрған сарбаз қашуға бет алған тұтқынды көреді. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №6699 әскери бөлім жауынгері әуелі қарауыл басшысына жедел хабар беріп, тұтқынға дауыстап ескерту жасаған.

Алайда сарбаздың ескертуіне қашқын құлақ аспаған. Ескерту алаңынан асып, бақылаушылар соқпағына өтіп кеткен. Жауынгер Асхат Медет осы кезде тағы да «Тоқта, артқа қайт» деп, дауыстап белгі береді де, артынша дабылды іске қосады. Тұтқын тоқтамастан қоршауға беттей берген.

Тіпті ішкі бақылау соқпағына аяқ басып үлгерген. Осы кезде сарбаз «Тоқта, атам» деп айқайлап, әуеге оқ атады. Мылтық дауысын естіген қашқын бағытын өзгертіп, басқа қосынға қарай қашады.

«Жасақтың шалт қимылының арқасында тұтқын қоршауға жете бере ұсталды. Қазір ол тәртіптік изоляторда. Оқиғаның мән-жайын құзырлы орган өкілдері анықтайды» -дейді «Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз