Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-9
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

Алматыда бала өлімі тіркелген ауруханада тексеру басталды

133

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қайғылы оқиға 19 тамызда Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында болған. 18 тамызда Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасына желшешек (ветряная оспа) жұқпасымен қарқынды терапия палатасына Данат есімді бала түскен.

Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалады. Олардың айтуынша, кеуде тұсы жарақат алып, ағзасы жұқпаның кесірінен интоксикацияға ұшыраған. Кішкентай пациент кезекші дәрігер мен реаниматолог дәрігердің бақылауында болған. Сонымен қатар кеңес алуға С.Асфендияров атындағы университеттің кафедра меңгерушілері де тартылды.

Алайда, жасалған барлық ем-шараларына қарамастан 19 тамызда баланың жағдайы нашарлай түскен. Дәрігерлер баланың жанын арашалап қалу үшін 16 сағат күресті. Соған қарамастан баланың қан айналымы тоқтап, бұл дүниемен қош айтысты.

Баланың не себепті өлгенін тексеру үшін барлық материалдар мен анасының шағымы қалалық полицияға тапсырылды. Бүгінде полицияның тапсыруымен қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті инфекциялық аурухананы кезектен тыс тексеруді бастады.

Тергеу органдары ауруханада баланың неден көз жұмғанын анықтау үшін арнайы сот-медициналық сараптама тағайындады. Басқарма тексеру нәтижесіне орай тиісті шаралар қолданатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз