Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
425
+1.44
EUR
498
+0.42
RUB
5.56
-0.01

Елжан Біртанов Астана декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді

«Бүгін – Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы үшін өте ерекше күн. Өздеріңізге мәлім, Астанада үш күндік алғашқы медициналық-санитарлық көмекке арналған конференция өтіп жатыр. Бұл жиынды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және БҰҰ-ның Балалар қоры, ҚР Үкіметі бірлесе ұйымдастырған.

Бүгін естіп отырғандарыңыздай, осыдан 40 жыл бұрын бүкіл әлемнің дәрігерлері мен медицина саласының мамандары Алматыда жиналып, халықаралық Алматы декларациясын қабылдаған. Бүгін дүние жүзінің ғалымдары мен саясаткерлері айтып отырғандай, Алматы декларациясының маңызы өте жоғары.

Әлі де денсаулық сақтау саласы дамып кеткенімен, бұл декларацияның маңызы өте ерекше», – дейді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, бұл декларация әрбір адамның денсаулық сақтауда құқығын қорғайды.

Елжан Біртанов Астана декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді «Осы декларацияны көптеген мемлекеттер өзінің денсаулық сақтау стратегияларын қолдау үшін пайдаланды.

Олардың ішінде өзіміздің Қазақстан да бар. Қазіргі күні де еліміздің денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері осы маңызды декларацияны қабылдау негізіне байланысты», – дейді ол.

Елжан Біртанов өз сөзінде атап өткендей, Алматы декларациясы қабылданғалы бері Қазақстанда ғана емес, әлемде де көптеген өзгерістер орын алып отыр. Оның айтуынша, қазір әлемде эпидемиологиялық аурулардың түрлері өзгерді. Қазіргі күні ең маңызды аурулар инфекциялық емес, созылмалы аурулар болып отыр.

«Ал екіншіден, саяси және әлеуметтік факторлар да өзінің әсерін тигізіп жатыр. Сонымен қатар, агломерация, миграция, ғылыми-техникалық процес өзінің ықпалын тигізбей жатқан жоқ.

Біз осы мәселені көтеріп, дүние жүзінің медицина саласының, алғашқы медициналық көмектің келешегінің даму бағыттарын айқындау үшін біз өткен жылы Женева қаласындағы Дүниежүзілік денсаулық ассамблеясында бастама көтердік.

Алматы декларациясы негізінде жаңа медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту декларациясын қабылдауды ұсындық.

Әріптестерім, ДДСҰ басшысы, ЮНИСЕФ өкілдері біздің ойымызды қолдап, барлық мамандар қосылып, жаңа Астана декларациясын әзірледік. Бұл декларацияны көптеген сарапшылар, мамандар талқылады.

Мыңнан астам пікір болды. Сонымен бүкіл мемлекеттер соңғы мәтінін қабылдап, бүгін Астана декларациясының қабылданғанын жарияладық», – дейді Елжан Біртанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше барлық 197 мемлекет медициналық-санитарлық алғашқы көмек бойынша Астана декларациясын бір ауыздан қабылдағанын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Медициналық-санитарлық алғашқы көмек бойынша жаңа Астана декларациясын қабылдау – бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау саласы үшін маңызды кезең болатынын атап өткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз