Үкімет қазақ киносына бөлінген қазына қаржысын түсірілім аяқталған соң толық қайтарып алмақ. Мәдениет министрлігі «Кинематография» туралы заң жобасына осындай талаптар енгізіпті.
Бұған дейін «Қазақфильмнен» бөлінген бюджет қаржысын ешкім кері сұраған емес. Жылына оларға 4 млдр теңге бөлінеді. Енді жаңа заң күшіне енсе, мемлекет есебінен түсірілген киноның шығынын режиссерлер қайтаруы тиіс.
Шенеуніктер жиналған ақшаны жаңа фильмдердің түсіріліміне жұмсамақ.
Айта кетейік, бұған дейін түсірілген фильмдерге жаңа талаптың қатысы жоқ.
Жалпы, қазір «Қазақфильмнің» тағдыры шешіліп жатыр екен. Киностудияға болашақта мемлекеттен бір тиын да бөлінбеуі мүмкін. Яғни, өзін өзі қаржыландыруға көшеді.
Мәдениет министрлігі әзірлеген құжатты Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады.
Қуаныш Сұлтанов, Мәжіліс депутаты:
-Кино өндірісі кәдімгі қаржы, бизнес. Экомика және идеология. Жарыққа шығарылып, көрерменге ұсынылған кинофильм бірден бәсекелестік ортасын, яғни базарға түседі. Көрерменнің көңілінен шыққан сәтті фильмдерге ел арасында жақсы пікір қалыптасып, өз шығындарын ақтауғамүмкіндігі болады.
Дереккөз: ktk.kz