27-мамырда 1 АҚШ долларының теңгеге шаққандағы ресми бағамы 333,09 теңге болып, алдыңғы күнгіден 3 теңгеге арзандады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтында хабарланады.
Осы жағынан алғанда, ақша айырбастау орындарындағы 1 АҚШ долларының сату мен сатып алу арасындағы ауытқу көлемі 1-2 теңгені құрайды.
ҚР Ұлттық банктің 27-мамырда бекіткен өзге шетел валюталарының бағамы 1 евро – 372,46, 1 РР – 5,11, 1 фунт стерлинг – 489,78, жапон йені – 3,03, 1 қытай юаны – 50,81, 1 қырғыз сомы – 4,87, 100 өзбек сомы – 11,23 теңге болып келеді.
Белгіленген ақша бағамдары Қазақстан қор биржасының 26-мамырдағы екі сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша анықталды.