Қазақтың ерке қызы, әнші Мақпал Жүнісованың қолы ашықтығы туралы ел арасында түрлі әңгіме бар.
Осыны дәлелдейтін әлеуметтік желіде кезекті видео пайда болды.
Әнші Бүркіттің тұңғышы дүниеге келгенде Мақпал апай доллармен көрімдік берген еді. Отбасысы үшін аса ардақты адамға бұл жолы эстрададағы жұп Бүркіт пен Айша екінші ұлы – Омардың тұсауын кестіріпті.
Осы дәстүрлі ырымды түсірген видеода Мақпал апайдың ақшамен шашу жасағаны көрсетіледі. Бір уыс ақшаның ылғи 10 мың теңгелік екенін аңғару қиын емес.
Өлеңдетіп,баланы жұбатқан Мақпал апайымыздың жүрегінің кеңдігінде расымен де шек жоқ екен.
«Бүгін Мақпал апкеміз келіп , Омар ұлымның тұсауын кесіп кетті! Үлкен азамат болып, еліне қызмет ететін жігіт болсын деп батасын берді. Айтпақшы, біз сыйлық жасайық деп тұрсақ, Макпал апкеміз керісінше, бізге ақша берді. Жомарт кісі ғой! Міне, қазақтың арасы осы, бір-біріне сыйлық беріп жүреді! Алламыз осындай күндерден, салт-дәстүрлерімізден, бір-бірімізді сыйлаудан айырмасын»,-деп жазды әнші Бүркіттің өзі желідегі парақшасында.