Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“250 млн. доллар…” Храпуновтың бұрынғы орынбасары қылмыстық істі тоқтатуды өтінді

«Құрметті сот, мен айтқан эпизодтар бойынша өз қылмысымды толығымен мойындаймын. Мен бастығым Виктор Храпуновтың бұйрығымен әрекет еткенімді ескеруіңізді сұраймын. Жерді пайдалану бойынша мыңдаған іс жасалды. Қателіктер кетті. Оған өкінемін. Қылмыстық істі доғаруыңызды сұраймын», – деді Яков Заяц.

71 жастағы сотталушы лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін сотқа тартылған болатын.

Басқа да сотталушылар Қуандық Бексұлтанов, Алтай Қасымов, Абай Сапаров, Серік Есмұханов, Айнагүл Садықбаева, Әбдул-Ғазиз Мұқашев, Абылайхан Қарымсақов, Ғабиден Қайымсұлтановтар да өз істеріне өкінетіндерін айтты.

Мұның алдында мемлекеттік айыптаушы Виктор Храпуновты 20 жылға, оның әйелі Лейла Храпунованы 17 жылға, Айяр Ілиясовті 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Айта кету керек, ерлі-зайыпты Храпуновтарға «мемлекет мүлкін жымқырды, алаяқтық жасады, лауазымын асыра пайдаланды, пара алып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды» деген айып тағылды. Олардың мемлекетке келтірген шығыны 250 млн долларға бағаланды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз