Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

25 жылда басы қайырылған реформалардың жетістіктері ақпарат саласынан көрініс тапты

Кездесудің бұл жолғы қонағы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев болды деп хабарлады „Егемен Қазақстан„ газеті.

Аталған институт директоры Ерлан Қарин сарапшылармен мұндай кездесулерді өт­кізудің маңызы айрықша еке­нін жеткізді.

«25 жыл – та­рихи уақыт, үлкен меже. Елі­міз­дің, қоғамның, халықтың осы уақыт кезеңінде қол жеткен жетістіктері, даму ба­ғы­ты, өзекті мәселелері болса, олар­ды жан-жақты сүзгіден өт­­кізу керек, сонда ғана біз бұл уақыттың бағасын білеміз, екін­шіден, жаңа мақсаттарымыз бен бағыттарымызды айқындай алатын боламыз», – деді ол.

Ерлан Тынымбайұлының айтуынша, бұл жобаны қолға алған кезде, оған ең алдымен, Ақпарат және ком­муника­ция­лар министрлігі қол­дау көр­сетіпті.

«Сондықтан бүгінгі кездесудің маңызы да, орны да ерекше. Ақпарат саласы – үлкен сала. Ол тек көбіміз ой­лайтындай, тек ақпарат құ­рал­дарын ғана қамтымайды. Бұл са­ла­ның атқарып жатқан жұ­мыс­тары жан-жақты, ауқымы кең. Мәселен, мемлекет және Үкімет тарапынан атқарылатын қызметтердің автоматтандырылуын, жаңа стандарттарға көшуін жүзеге асыру да осы салаға келіп тіреледі. 25 жылда басы қайырылған реформалар бойынша ең бір айқын және нақты қол жеткізілген жетістіктер осы саланың айна­ла­­­сында шоғырланған. Олар­ға ха­лыққа қызмет көрсету орталықтарын, «Электронды үкі­мет» қызмет көрсету жүйесін мы­салға келтірсек те болады», – деді институт директоры.

Ал Дәурен Абаев өз сөзінде ақ­па­р­ат саласында ауыз толтырып айтатын дүниелердің іске асырылғанын айтты.

«Ақпарат саласының бірнеше бағыты бар. Мәселен, ол – ақпараттандыру. Ақпараттандыру бойынша, біз үлкен жетістікке жеттік. Екін­ші­ден, мемлекеттік қызмет көр­сету. 25-30-ға тарта мем­ле­кеттік қызмет түрі бар. Біз­дің саламыз басқа мини­стр­­­лік­тер­мен өте тығыз байланыс­ты. Егер біз ақпараттандыру жұмыстарын жүргізсек, ол бүкіл са­­ланы қамтиды», – деді ол бұл жө­­нінде.

Бұдан кейін кездесу ой-пікір ал­масу, сұрақ-жауап тү­рінде өр­біді. Мәселен, сая­сат­танушы Ерлан Саиров: «Ақ­параттық қауіпсіздік са­ласы соңғы кезде күрделеніп әрі әртараптанып келе жатқан се­кілді. Өйткені, біздің елімізге көз сүзіп отырған мемлекеттер де, үлкен корпорациялар да бар, бәлкім, жеке тұлғалар да бар болар. Сондықтан ақпараттық қауіп­сіздік мәселесі қалай ше­ші­ліп жатыр? Мемлекеттік мүддені қоғам мүддесімен қа­лай ұштастыруға болады?» – де­ген сауалын қойды.

Бұл турасында Дәурен Әс­кер­бекұлы: «Мен өз басым «ақпараттық қауіпсіздік» деген сөзді ұнатпаймын. Оның мағынасы кең. Сондықтан ақ­параттық қауіпсіздік мәселесін көтергенде, алдымен, оның ас­тарында ненің жатқанын анық­тап алған жөн. Менің ойым­ша, біздің ақпараттық қауіпсіздігіміздің ақсап тұрған бір жері – «сұр тарелкалардың» қызметі. Олар – қазақ жерінде таза шет­елдік арналарды көрсететін спут­никтік табақшалар. Деген­мен, дәл қазіргі таңда біз олар­дың қыз­метіне толығымен ты­йым сала алмаймыз ғой. Неге?

Мә­селен, біреулер сол арналар ар­қылы ағылшын премьер-лигасын көріп отыр. Ал ондай шетелдік спутниктік ар­наларға шектеу қоятын бол­сақ, отандық арналарға, кабельдік, спутниктік опе­раторларға ағыл­шын премьер-ли­гасын көрсете алатын­дай мүм­­кіндік жасауымыз керек. Ал оның сыртында кәсіби ко­м­­ментаторларға, ды­быс пен кар­тинканың сапа­сына жә­не тағы да басқа теx­ни­ка­лық жайттарға қатысты мә­селелердің төбе көрсететіні анық», – деді министр.

Оның ай­туын­ша, келер жылдан бастап, арнайы норма ен­гі­зіл­мек. Ол норма бойынша, Қа­зақстандағы әрбір шетелдік теле­арна өз өкілдіктерін ашуы қа­жет. Бұл – заң нормасының талабы. Ал өкілдіктің жетек­ші­лік тізгінін ұстайтын адам Қазақ­стан азаматы болуы тиіс. Сонымен қатар, министр ақ­па­раттық қауіпсіздікті қам­та­­масыз етуде заңға сәйкес, ин­тер­­неттегі «теріс пиғылдағы» сайт­­тарға тоқтам салу, яғни оларды бұғаттау жұмыстары да тиісінше жүргізіліп жатқанын айтты.

Ал «Ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­дық бедерінде қазақ жур­на­листикасының келбеті қа­лай қа­­лыптасты?» – деген ке­зек­ті сұраққа Дәурен Абаев былайша жау­ап берді:

«Шыны керек, дәл қазір бұл туралы бір сөз­бен­ айту қиын шығар. Біздің журналистикамыз әлі өз орнын айқындап ала қойған жоқ деп ойлаймын. Бұл үрдіс енді ғана қарқын ала түсуде. Қазақстан журналистикасы заманауи, жан-жақты, нағыз Тәуелсіздікке сай журналистика ретінде енді қалыптасып келе жатыр».

Бұл күні жиын модера­то­ры Ерлан Қарин шетелде «Қаз­Ақпарат» агенттігі мен «Хабар 24» арнасының тілшілер қо­сын­­дарының жұмыс істеп тұр­ға­нын тілге тиек ете келе: «Бұл тіл­шілер бөлімшелері, жал­пы, Ор­талық Азияның да жал­ғыз өкілдігі екен. Демек, бұл қазақ­стандық бұқаралық ақ­парат құралдарының тұтас өңір үшін жалғыз ақпарат көзі болып отырғанын білдірсе керек», – деді. Осылай дей келе, ол министрге: «Әрине, біздің шетелдік оқиғалар мен жаңалықтарды сүзгіден өткізіп тұратын сарапшыларымыз бар. Десек те, отандық журналис­тер тарапынан халықаралық оқиғаларға сараптама жүргізу, тиісінше баға беру жағы кемшін түсіп жататындай көрінеді. Сон­дықтан өзіміздің бұқаралық ақпарат құралдарымыздың шет­ел­дегі тілшілер қосынын ашу мә­селесі қаншалықты өзекті болып тұр?» – деген де сауалын қойды.

Ақпарат және коммуника­циялар министрі мұндай бастаманы, яғни тілшілер қосындарын ашуды қолдайтынын, себебі, «өз қазанымызда өзіміз ғана қайнап» отыра алмайтынымызды жеткізді.

«Әлем өзгеше бола бастады. Демек, біз тек өзіміздің айналамызды жауып, қымтап отыра алмаймыз. Сондықтан тілшілер қосындары қажет. Әсі­ресе, олар Ресей, Қытай, АҚШ сияқты елдерде, сондай-ақ, Орталық Азия мен Еуропаға кіре­тін негізгі инвестициялық әрі іскерлік әріптес-елдерде ашу қажет. Бұл саладағы жұмыстар жалғаса береді. Әрине, мұның барлығы ақпарат саласындағы мемлекеттік тапсырысқа байланысты жүргізіледі. Мәселен, жекеменшік телеарналар мен ақпарат агенттіктерінің шетелде өз тілшілерін ұстауы қиын. Себебі, ол қыруар қаржыны қа­жет етеді», – деді ведомство бас­шысы.

Сарапшылармен кездесу кезінде Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, сондай-ақ алдағы екі айдың ішінде ақпараттық саладағы мемлекеттік тапсырыс жүйесіне өзгерістер енгізілетінін айтты. Яғни, келер жылы қаң­тар айының соңына дейін мем­ле­кеттік тапсырыстың жаңа жүйесі таныстырылмақ.

«Біз бар­лық өзекті мәселені білеміз. Қазір оны толыққанды зерттеп жатырмыз. Ал екі айдан кейін мен осы жаңа жүйе туралы баяндап беретін боламын. Әрине, оны бірден іске асыру қиын болатын шығар. Бірақ та біз ашықтықты барынша қамтамасыз етеміз», – деді ол.

Ақпарат және коммуника­циялар министрі БАҚ-тың мем­ле­кет­тік тапсырыс арқылы ала­тын қаржысының қалай жұм­салатынына қатысты да өз ойын білдірді.

«Цифрлық таратылым да бар, біз сатып алатын көптеген материал да бар, мәселен, біз футболдан Қазақстан құрамасы ойынының трансляциясын сатып алуымыз керек. Олимпиадада да дәл солай. Елімізде Олимпиа­даны көрсету бойынша келіс­сөз­дерді мен жүргізген болатынмын. Бұл келіссөздер Олимпиада ойын­­дарына 1 апта қалғанда ғана аяқталды. Яғни, біз Олим­пиаданы көрсете алмауым­ыз мүмкін еді. Себебі, келіссөз күр­делі болды. Міне, бұған да қаражат қажет, бұл да мем­лекеттік ақпарат­тық тапсырыс», – деді Дәурен Әскербекұлы.

Бұған қоса, ол мемлекеттік ақ­­параттық тап­сы­рыс­­қа жұм­са­латын қаражат туралы айт­қан кезде нақты контентке жұм­­с­а­латын ақша жайлы ғана сөз қозғау керек екенін жет­кіз­ді.

Кездесуде ведомство бас­шысы жалпы, БАҚ-та жазылатын, көрсетілетін, айтылатын мәселелердің барлығы бүгінгі өмір шындығымен сәйкес келу қажеттігін атап өтті. «Біздің БАҚ алдында қойып отырған талап-міндетіміз де осы», – деді Дәурен Абаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз