Үндістаннан эвакуацияланған қазақстандық туристері бар алғашқы борт Қазақстанға келді.
«Алғашқы борт 17 наурыз күні Үндістаннан Гоа аралынан ұшып шықты. Қазірге дейін 235 турист отанына оралды», — дейді хабарламада.
Айта кетейік, Үндістанның континентальдық аумағында орналасқан, туристердің арасында үлкен сұранысқа ие Гоа штаты ешқандай да арал емес.
«Туризм және спорт комитеті туристердің кепілдендірілген құқықтары жүйесінің әкімшілігімен бірлесіп, шетелдегі қазақстандық туристерді елге қайтару туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар туркодтарға ақша аудару жұмысы уақытша тоқтатылған», — деп түсіндірді комитет өкілдері.
Қазақстан азаматтарын қайтару үшін кезектен тыс 17 рейс ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда әлемнің 13 елінде 4 мыңға тарта қазақстандық турист демалып жатыр.
Еске сала кетсек осыдан екі күн бұрын Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев шетелде демалып жатқан 4556 қазақстандықты елге қайтару мәселесі шешіліп жатқанын хабарлаған еді.
Олардың негізгі бөлігі Мысырда (2246 адам), Біріккен Араб Әмірліктерінде (573 адам), Тайландта (466 адам), Үндістанда (2016 (оның 235-і 17 наурызда қайтты)), Мальдивтерде (2044 адам) демалуда.