Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Бақтияр Адамжан Сеулде өткен халықаралық би байқауында бірінші орын алды

Қазылар алқасы отандасымыздың өнеріне тәнті болып, кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді. Жерлесіміз «Баядерка», «Эсмеральда», «Париж жалыны» классикалық балеттерін түрлендіріп, нақышына келтіре биледі.

Сондай-ақ, Бақтияр Адамжан өзі үшін Қытай хореографы арнайы қойған «Ояну» биін орындады.

Тұрсынбек Нұрқалиев, «Астана Опера» балет труппасының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Біздің Бақтияр қазақ балетінің бір ерекше жағын көрсетіп, осы Корей көрерменін таң қалдырды. Ол тек біздің «Астана Опера» театры үшиі емес, қазақ балетіне берілген баға деп ойлаймын.

Айта кетейік, бұл Бақтияр Адамжанның халықаралық байқаулардағы алғашқы жеңісі емес. Өткен айда ол Ыстамбұлда өткен жарыста бас жүлдені қанжығалаған болатын.

24 жастағы биші өзінің жетістікке жету құпиясымен де бөлісті. Оның айтуынша, сахнаға шыққан кезде тек көрерменге көтеріңікі көңіл-күй сыйлауға тырысу қажет.

Бақтияр Адамжан, «Астана Опера» театрының жетекші солисі:

– Жаңалықтардан қарап отырамын, Олимпиадада осындай алтын алды, соған үлесімді қоссам ба деген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз