Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

21 мамырдағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ – ҚР Бас прокурорының орынбасары

ҚР Бас прокурорының орынбасарының айтуынша, 51 адам әкімшілік жауапқа тартылды, төрт адам ғана қамауға алынды.

“Адамдардың полицейлерге жұдырық ала жөнелгендерін кадрдан өзім көрдім. Осыдан кейін ешқандай әрекет болмайды деп ойлайсыздар ма? Әрине, болады. 12 адамға айыппұл салынды, сот арқылы 21 адамға ескерту жасалды. Басқа ешқандай адам ұсталған жоқ”, – деді Андрей Кравченко комиссия отырысы барысында.

Ол полиция тарапынан да заң бұзушылықтың орын алу ықтималдығын жоққа шығармайды.

“21 мамырдағы жағдайдан кейін ведомствоға сегіз шағым келіп түсті. Қазір оларды қарастырып жатырмыз. Біз сіздерге бұл шағымдарды мұқият қараймыз деп уәде береміз”, – деді Андрей Кравченко.

Астанада жер реформасы үшінші рет талқыланды. Алдыңғы отырыста төрт жұмыс тобы құрылып, олардың жетекшілері тағайындалса, бүгін сол жұмыс топтарының жетекшілері бір апта бойы өткізілген шағын жиындарда түскен ұсыныстарды ортаға салды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз