Нұр-Сұлтан
Қазір
24
Ертең
28
USD
467
0.00
EUR
488
0.00
RUB
8.56
0.00

21-мамырдағы митингтің артында АҚШ, Ақтөбедегі атыстың артында Ресей тұр ма?

Мұндай мәлімдемелер жасау үшін тергеуде жеткілікті негіз, дәлелдер болу керек. Кезінде күштік құрылымдарда жоғары лауазымда болған танымал тұлғалар тұтқындалып жатса, оған негіз берген дәлелдер де мықты, бұлтартпас болуы керек. Керісінше болған жағдайда билік, әсіресе, Ақтөбедегі лаңкестік акциялар орын алған күннің ертеңіне мұндай шектен шығатын қадамға бармас еді.

2016_06_07_Batsiev-i-Sultan-Akimbekov.00_10_22_21.nepodvizhnoe-izobrazhenie001

Сұлтан Әкімбеков

Бұл екі оқиға да қоғам үшін төтенше сипатта болды. Оның үстіне, Қазақстан әр уақытта бейбіт әрі тыныш аумақ болған еді, тіпті, лаңкестердің 2011-2012 жылдардағы шабуылдары да біртіндеп ұмытыла бастаған еді.

Ақтөбедегі лаңкестік акциялары содырлардың біздің елімізді де шабуылдауы мүмкін екенін көрсетті. Қазір мұндай жауыздық акциялары әлемнің барлық жеріне ойран салуда. Франция мен Бельгиядағы бір ғана террористік акциялардың өзі не тұрады? Ол жақтағыдай, Қазақстан қоғамын да көптеген сұрақтар мазалайды – трагедияның алдын алу мүмкін бе еді, болшақта осындай жағдайлардың қайталануынан қауіптеніп отырамыз ба, осы мәселелерді шешу үшін не істеу керек? Мемлекет үшін бұл қиын, бірақ өте маңызды сұрақтар.

Осы орайда, Төлешовтың және күштік құрылымдардың запастағы танымал тұлғаларын тұтқындау — қоғамды қатты толғандырған тағы бір мәселе. Шынымен бұл елдегі ахуалды тұрақсыздандыру мақсатындағы алдын ала келісілген әрекет болса, оған күштік құрылымдардағы танымал тұлғалардың қатысуы — өте үлкен мәселе. Қалың қоғам Төлешовтың өзін мүлдем білмейді десе де болады, бірақ Шымкентте ол өте ықпалды фигура болатын, оның үстіне, бизнесменнің көршілес Өзбекстан мен Ресейде таныс-тамыры терең еді. БАҚ-та талай рет

Төлешовтің белгілі өзбек серкесі Ғафур Рахимовпен жақын дос екені айтылған,

ол Ресей мен Қазақстанда, Казактар одағын қоса алғанда, түрлі ұйымдардың мүшесі болатын.

Төлешовтың өз жоспары болды ма, оны тергеу көрсетеді. Бірақ ол өзінің өзбек және ресейлік ұйымдармен байланысын мақтанғандай ашық көрсететін. Иә, шымкенттік кәсіпкер өз беделінің дәлелі ретінде оларды ашық көрсетуге тырысатын. Көптеген адамдар оның соншалықты танымал емес халықаралық академияларға мүшелілігін алға тартады. Алайда, түптеп келгенде, бұл оның жеке ісі және өз мүдделері екені шүбәсіз.

Әлемдік ойыншылар мен Қытай аналогиялары

Көрші Қытайда елдің күштік құрылымдарына жетекшілік еткен партияның ықпалды функционері Чжоу Юнканның оқиғасын еске түсіруге болады. Ол басқа функционер Бо Силаймен бірге сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыпталған болатын. Сол кезде сыртқы бақылаушылар астыртын келісім болуы мүмкін деген әңгіме айтқан-ды.

Қаншалықты астыртын келіссөз болғанын кесіп айту қиын, мүмкін, бәрі тек сыбайлас жемқорлықпен шектелетін болар,

бірақ Чжоу Юнкан мен Бо Силай елдегі оқиғалардың өрбуінің басқа сценарийін қалаған сыңайлы. Әлбетте, күштік құрылымдар жетекшілерінің астыртын қозғалыстарға қатысуы — мемлекет үшін елеулі мәселе.

Жалпы, көктемдегі наразылық митингтеріне қатысты оқиғалардың ерекшеліктері – одан үнемі сыртқы ойыншыларды іздейді. Көпшілік бұл іске қатысты Американың ықпалы туралы айтқан. Ал енді дәл солай Төлешовке тағылған айыптың артында ресейлік іздің бар екені туралы айтып жатыр. Бірақ мұның бәрі біздің ішкі ісіміз, олардың қатарында Төлешовтың өз орны болуы да мүмкін деп болжаған қисынды болар. Ұлы державалардың біздің мардымсыз мәселелерімізге араласқаннан гөрі, одан да маңыздырақ қам-қарекеттері де бар шығар.

Қазақстанның көпвекторлық саясаты әлі де мемлекетаралық қарым-қатынастың маңызды элементі болып табылады.

Алдымызда қилы кезеңдер тұр, дегенмен кез-келген күйзелістерді қабылдауға, олардан тиісті сабақ алуға, тектен тек үрейленбеуге дайын болғанымыз жөн. Ең бастысы, қаншалық қарабайыр естілсе де айтайын, көпшілікке үйреншікті тұрмысты сақтап, қолда бар құндылықтарымыздан айырылып қалмайық.

Сұлтан Әкімбековтің Facebook-тегі парақшасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2022 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз