2019 жылы Дисней компаниясының қазақ тіліне дубляждалған 5 жаңа фильмі ұсынылады.
Олар — «Дамбо», «Аладдин», «Ойыншықтар оқиғасы 4», «Арыстан патша» және «Салқын жүрек 2» Disney фильмдері.
Тұсаукесердің спикерлері ретінде «Болашақ» КҚ директоры – Динара
Чайжунусова, дубляжда басты рөлдерді сомдаған актерлер – Нұрлан Әлімжан
мен Дәурен Серғазин, BI Group холдингінің PR директоры – Гаухар Керімова
және Меломан компаниясының ұлттық жобалар бөлімінің басқарушысы – Низами Мамедов шығады.
Айта кету керек, 2011 жылдан бастап Корпоративтік қормен 27 голливудтық фильм қазақ тіліне аударылды. «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тілі түркі әлемінің 2-ші тіліне, Sony Pictures студиясының 7-ші тіліне, Уолт Дисней компаниясының 39-шы тіліне айналды және DVD, Blu-Ray және iTunes-те қол жетімді Голливуд фильмдерінің үздік 7 тілдер қатарына енді.
Серіктестіктің аясында «Болашақ» КҚ-ның барлық дубляждалған фильмдері ТМД-дағы ең ірі онлайн кинотеатр ivi.ru сайтында көрермендерге ұсынылған.
2019 жылдың көктемі режиссер Тим Бертонның фэнтези стилінде түсірілген
«Дамбо» отбасылық кинофильмінен басталады. 1941 жылғы танымал
мультфильмнің ремейкі бізге үлкен құлағы бар кішкентай пілдің басқа
жануарлардың қорлығы мен мазағынан шаршап, ұшуға үйренген оқиғасы жайлы
баяндайды. Фильм дубляж демеушісі – BI Group қолдауымен 2019 жылдың 28
наурызында өтеді.
Ал қалған фильмдердің тұсаукесерлері мына мерзімдерге бекітілген: 28
наурыз – «Думбо», 12 мамыр – «Аладдин», 20 маусым – «Ойыншықтар
оқиғасы 4», 19 шілде – «Арыстан патша» және 28 қараша – «Салқын жүрек 2».