Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

2017 жылы Қашаған әлемдік мұнай нарығына өзгеріс әкеледі

«ОПЕК-ке кірмейтін елдердің 2017 жылғы мұнай өндіруіне жасалған болжам да қайта қаралды. Негізінен өсім Қашаған кенішіндегі жаңа өндіріс есебінен орын алып отыр», – деп көрсеткен өзінің ай сайынғы баяндамасында Ұйымның Венада орналасқан ақапараттық-сараптамалық бөлімі.

Мұнай нарығындағы дисбаланс қысқаруда

Өткен аптада мұнай бағасы барреліне 50 доллардан жоғары көтерілді. Себеп — қыркүйектің соңында Алжирде өтеді деп жоспарланған бейресми келіссөздер барысында ОПЕК өзінің бас бәсекелесі — Ресеймен өндірудің шекті мөлшерін белгілеуі мүмкін деген қауесеттің тарауы. Содан бері кез келген келісім мұнай өндіруді қысқартуды білдіреді деген қауіптен баға құлдырай бастады,  ал өндірушілер әзірге әлемдік нарықтағы өз үлестерін сақтап қалуға талпынып отыр.

ОПЕК-тің бағалауы бойынша, 2016 жылғы шілдеде дамыған елдердегі мұнай қоры орташа бес жылдық шамадан 341 млн баррельге артық болған. Баяндамаға сәйкес, негізгі тұтынушы елдер тарапынан сұраныстың күрт артуы есебінен жақын айларда артық мөлшер азаю керек.

«Бұл мұнай жеткізудегі картинаның әлеуетті өзгеруімен қатар нарықтағы іргелі көрсеткіштер дисбалансының қысқаруына ықпал етеді», – делінген баяндамада.

Алжирдегі ресми жиналысқа дейін өндіруші елдердің өкілдері бірнеше кездесулер өткізді. 4-қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин мен Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасының ықпалды орынбасары Мухаммед бен Салман кездессе, 9-қыркүйекте ОПЕК-тің бас хатшысы Мухаммед Баркиндо Сауд Арбиясы мен Алжирдің министрлерімен кездесті.

Қуат берген Қашаған

Сыртқы дереккөздеріне сәйкес, 2016 жылғы тамызда ОПЕК күніне 33,24 млн баррель өндірген. Ливиядағы, Нигерия мен Венесуэладағы төмендеу нәтижесінде, бұл көлем 2016 жылғы шілдедегі көрсеткіштен күніне 23,1 мың баррельге аз болған.

ОПЕК болжамына бірнеше дүркін кейінге қалдырылған Қазақстандағы Қашаған жобасы бойынша өзгерістер енгізілді. Құрамына Total SA и Eni SpA компаниялары кріретін консорциумның кенішті іске қосуы бұрғылау жабдықтарын орнатуға қажетті аралдарды жасау қажеттігі салдарынан үнемі кейінге шегеріліп, он жылдан астам мерзімге созылып кетті. АҚШ-тағы мұнай өндіру көлемі бұрынғыдай төмендей береді деп болжаланып отыр. 2017 жылы мұндай төмендеу күніне 170 мың баррельді құрайтын болады.

Мұнайға деген әлемдік сұранысқа келетін болсақ, ол өзгеріссіз қалды. 2017 жылы Үндістан, Қытай және АҚШ есебінен тұтыну күніне 1,15 миллион баррельге өседі деп күтілуде, сөйтіп, ол күніне 95,42 млн баррельді құрайтын орташа деңгей шамасына дейін көтеріледі.

Дереккөз: Bloomberg

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз