Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

2017 жылдың басында үй бағасы қалай өзгереді?

Сарапшылардың айтуынша, Алматыда үй бағасы қолдан көтеріліп тұр, осы орайда баспанаға алдағы бірер айда сұраныс арта қоймайды. Бұл тұрғыда қалада жаңадан баспана салушылар көп нәрсені шешеді. Егер құрылыс қарқын алса, келер жылы үй бағасы арзандауы тиіс, – дейді Dixi жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Нина Лукьяненко.

Оның айтуынша, келер жылдың басында Алматыдағы Алатау ауданы мен қала маңындағы елді-мекендерде үй құрылысы қарқын алып, бірнеше тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін үй бағасы арзандап, шаршы метріне жаңа үйлер 200-290 мың теңгеден саудалана бастайды. Бұл әрине, қаладағы барлық бапана бағасына әсер етпек.

Ал Aristan Group жылжымайтын мүлік агенттігі қызметкері Бақытбек Қатеннің айтуынша, қазіргі таңда Алматыда 5000 үй сатылмай тұр. Келер жылы бұған тағы 1000 үй қосылады. Бұл, өз кезегінде құрылыс компанияларының арасында бәсекелестік тудырып, бағаның төмендеуіне алып соғады. Ал келер жылдың екінші жартысында үй бағасы тіпті төмендеуі әдбен мүмкін.

Кей сарапшылардың айтуынша, қазірде баспанаға мұқтаждар көп болғанымен, нарықта сұраныс аз, өйткені жұрттың төлем қабілеті төмен. Осы орайда, егер келер жылы мұнай бағасы артып, экономика алға ілгерілесе, бағаның аздап көтерілуі де ғажап емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз