Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

200 мың теңгеге сатылған ат спорты клубы. Исекешев прокурорлық тексеріс өткізуді тапсырды

178

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, бүгін сағат 16.00-де әкім орынбасары Андрей Лукин арнайы баспасөз мәслихатын өткзеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Астана» көкпар клубы» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының аукцион арқылы жекеменшікке сатылды.Голландиялық әдіспен сауда-саттықа салынған клубтың меншігінде асыл тұқымды 11 ат, қызметтік көліктер, инфрақұрылым, тұрғын-жайлар мен ат әбзелдері болған.

Соның барлығын «құпия адам» бар болғаны 200-ақ мың теңгеге сатып алыпты. Таңғаларлық аукционның өткенін тіпті клуб басшылығы да білмей қалған. Аталған нысанның әлеуметтік маңыздылығы сол, оның жанында ат өнеріне үйренетін мектеп болған. Онда 140-қа жуық бала дәріс алып жүрді. Осы уақытқа дейін мектептің қол жеткізген жетістіктері де аз емес.

«Астанадағы коммуналдық мүлік пен мемлекеттік сатып алулар басқармасы ат спорты клубын аукционға салып, сатып жіберіпті. Үш аукцион өткен. Үшіншісін голландиялық әдіспен, яғни бағаны төмендету арқылы 198 700 теңгеге белгісіз біреуге сата салыпты. Сонда бір атты 20 мың теңгеден бағалаған екен. Ал негізінде ол асыл тұқымды аттардың нарықтағы бағасы жүз есе қымбат. Біреуі 5 мың доллар тұрады. Ат тұрмақ бір ертоқымның өзі 350 мың теңге болатын. Мұның сыртында қызметтік көліктер сияқты мүліктер тағы бар», – дейді «Тұлпар» ипподромы директорының орынбасары Болат Шалабаев «ҚазАқпаратқа» берген сұхбатында.

f0c84a2c-3b1a-4d98-bbb9-051a15822cd2

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз