Полицейлер Ақтөбеде кастет, бита және пышақпен қаруланған жастар “разборкаға” шықты деген ақпаратты жоққа шығарды.
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, өткен дүйсенбі күні кешке полицейлер жастар жиналған жерге аттанған. Тәртіп сақшылары жігіттер отырған иномарканы тексереді. Олардың бірінен пышақ табылды, алайда ешқандай бита, кастет немсе басқа да тыйым салынған заттар болған жоқ, деп сендірді полиция департаменті.
Көлік салонында отырған адамдардың бәрі полиция бөліміне жеткізілген. Студенттер басқа заң бұзушылық жасамағандықтан, үйлеріне жіберілді.
Полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алумен үнемі айналысатынын атап өтті.