Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

20 жыл бойы өлдіге саналған бала тірі болып шықты. Астанада адасқан тағдырлар тоғысты

111

Бұл туралы Хабар арнасындағы «Біздің үй» бағдарламасында айтылды.

34 жастағы Шолпан есімді келіншек алтыншы сәбиін шала туады. Алты айлық сәбидің дұрыс жетілмегені де белгілі болады. Дәрігерлер алғашқы үш ай вакуумда болған баласын анасына өлді деп хабарлайды.

«Перзентханада 20 күндей жаттым. Одан кейін бізді зерттеу институтына алып барды. Баламды сонда алып қалды. Мен сол маңда жүрдім, ол жақта да вакуумда жатыр еді. Үш айға дейін барып, көріп жүрдім. Дәрілерін апарып жүрдім. Жағдайы нашар, аяғы буынсыз деп айтқан болатын. Күнде барып қараймын да кетемін. Үш айға дейін тірі еді. Бір жолы барғанымда баламды алып кетейін дедім, маған бермеді. Ал күндердің күнінде оның қайтыс болғанын айтты», – дейді Шолпан Дүйсенбайқызы.

Шолпан шала туған сәбиіне Жанаргүл дап ат қойған. Бірақ оны балалар үйінде қабылдаған кезде анасының аты-жөнімен тіркепті. 3 жасқа дейін ол Екібастұз балалар үйінде, одан кейін Астанадағы психо-неврологиялық диспансерде болған.

Бірақ бағдарламада оқиғаның жан-жағы қамтылғанымен, ана мен баланың айыру себебі сол күйі жұмбақ күйі қалды.

Ал 20 жылдан кейін бала мен ананың қауышуына негіз болған адам – Махаббат Манаева есімді азамат екен.

«Осыдан 4-5 жыл бұрын Ақмола медицина университетінің кафедрасында жұмыс істедім. Сол кезде бірнеше топ студенттерді басқарып, өз еркімізбен психо-неврологиялық диспансерге барып жүрдік. Ондағы ойымыз – мүмкіндігі шектеулі балалармен студенттер көп жұмыс атқарсын дедік. Екі тарапқа да бұл керек нәрсе. Әсіресе, ол арада Шолпанның жағдайы жанымызға батты. Шолпанның анасы бар ма, жоқ па, білмедік. Бар болса, тапсақ деген ой туды. 5 жыл іздедік. Ақпарат жинау өте қиын болды», – деді ол.

Ал балалар үйінде тәрбиеленген Шолпан анасы мен отбасын тапқанына қуанышты. Ол „мамалап„ отыр. Жанаргүлдің енді аға-әпкелері бар. Ал әкесі, өкінішке қарай, өмірден озыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз