Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

20 жастағы қазақ баласы АҚШ-та хоккейден команда капитаны болды

122

Канадада Азат Тұрсынханов GMHL лигасында ойнады, ал қазір қазақстандық спортшы Пенсильвания штаты Филадельфия қаласында EHL лигасына жататын Lehigh Valley командасының капитаны. Азат Тұрсынханов 1998 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

2003 жылдан 2015 жылға дейін астаналық хоккей құрамасында шабуылшы болды. 2015-2016 жылдары Канададағы Hill Academy-де оқыды. 2016-2018 жыл аралығында Торонтода GМHL хоккей лигасында өнер көрсетті.

Айта кетерлігі, GМHL хоккей лигасы – 10 жылы бұрын Канадада құрылған тәуелсіз жасөспірімдер лигасы. Ол әлем елдеріндегі 15-21 жас аралығындағы хоккейшілер арасында хоккейді жоғары деңгейге жеткізу және ілгерлетуді мақсат тұтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз