Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

2 млн. доллар! Ресейдің экономикалық даму министрі осынша парамен ұсталды

Тергеу комитетінің хабарламасында Улюкаев “экономикалық даму министрлігінің “Роснефть” компаниясына “Башнефть” компаниясының 50 пайыз акциясын иеленуіне оң баға бергені үшін екі миллион доллар пара алғаны” айтылады. Ресми мәлімет бойынша, таяуда Алексей Улюкаевқа ресми айып тағылып, бұлтартпау шарасын тағайындау туралы өтініш берілуі мүмкін.

12 қазанда Ресейдегі ең ірі “Роснефть” компаниясы “Башнефть” компаниясы акциясының бақылау пакетін 330 миллиард рубльге сатып алған. Акцияны сатып алу туралы сауда болмаған.

2014 жылға дейін “Башнефть” компаниясы акциясының бақылау пакеті “Система” компаниясына тиесілі болған. Бірақ кейін “Системаның” директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Евтушенкоға қарсы іс қозғалған. Тергеу мәліметінше, Евтушенко “Башнефть” акциясын заңсыз сатуды жоспарын ұйымдастырған. Сот шешімі бойынша компания мемлекет меншігіне өткен.

Алексей Улюкаев 1990 жылдардың басында “Егор Гайдардың командасына” кірген, әуелі үкіметте кеңесші болып, кейін лауазымды қызметтер атқарған. 2000 жылдары қаржы министрі Алексей Кудриннің орынбасары болды, Орталық банкте қызмет істеді.

c0aa4bbc-5400-4f10-867f-315f64c39f5e_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз