Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

15 жасар қыздардың бесінші қабаттан құлау оқиғасының мән-жайы белгілі болды

Қайтыс болған қыз кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімде есепте тұрған. Яғни, «қиын» жасөспірімдер қатарында болған.

Бұған дейін оқушы мамандардың жіті бақылауында болды, алайда мінез-құлығында қандай да бір ауытқушылықтар байқалмады. Сол себепті, осы жылдың тамыз айында есептен шығарылды. Кеше екеуі де күнделікті сабақтарында болды», – дейді Жанат Ибраев.

Көз жұмған қыз анасымен бірге тұрған. Кеше ол апасынан қонаққа баруға сұранған. Десе де, рұқсат алмай, кетіп қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, қыз бала жедел-жәрдем қызметінің көлігінде өмірден озған. Екінші жасөспірім Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетсек, бүгін түнде екі 15 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз