Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

15 мыңнан астам адам зейнетақыны заңсыз алып келген

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

“Биыл 15 мың 260 адамы таптық. Соның ішінде 555-ін  жауапқа тарттық. 102 адамды елден шығарғанбыз, қалғаны айыппұл төлеп  кетіп қалған”, деді   Қалмұханбет Қасымов.

Мемлекеттік төлемдерді заңсыз пайдаланып жүргендердің барлығы Ресейдің азаматтығын алғандар екен.  Олар туралы Мәскеуден ақпарат алу да мүмкін емес. Екі ел арасында келісім болмағандықтан, көршілеріміз адам туралы жеке ақпарат бермейді  дейді Қасымов.

Ішкі істер министрі Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Армения, Грузиямен ақпарат алмасуды қарастыратын құжат дайындап жатыр. Тәжікстанмен осындай келісімді бүгін Мәжіліс мақұлдады. Қазақстандықтар  аталған мемлекеттердің азаматтығын алса, бірден бізге хабарлама келеді. Айта кетейік, көп мемлекетте қос азаматтық заңды, бірақ бізде тыйым салынған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз