Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

14 жасар қыз печенье пісіріп, қатерлі ісіктен емделу үшін ақша жинауда

575
Карина Мингалеева. Сурет: Никита Черевко

Карина — әлеуметтік желіде танымал қыз. Ол туралы көптеген мақала жазылып, видео түсірілген. Жақында ол  «Қайсар солдат» деген екінші есімге ие болды.

Себебі екі қорқынышты диагнозға қарамастан, салы суға кеткен жоқ. Печенье пісіріп, өзінің еміне ақша жинауда. Ол емі аяқталғаннан кейін басқа да қатерлі ісікпен ауыратын балалардың еміне көмектесу үшін печенье пісіргісі келеді.

20 күннің ішінде Карина 512 мың теңге пайда тапты. Оның мақсаты 15 наурызға дейін  (Изаилдегі емханаға баруы керек)  1 млн теңге қаржы жинау.

Күрес алаңы. Бастамасы

Зарина Мингалеева барлығы Карина 4 жаста болғанда басталды, — дейді. Ол жиі ауырып, мұрны қанайтын. Біз мұның себебін көп іздедік, болмаған соң Каринаны Мәскеуге апардық. Диагнозы — «апластикалық анемия». Жілік майы қан түзу қызметін атқармай қалған жағдайда туындайтын,  күрделі қан ауруы.

Онда қыздың жілік майын ауыстырды. Бұл үшін өзінің өлі клеткалардан тазартылған жілік майын пайдаланды. Мәскеуден оралғаннан соң үш айдан кейін жағдайы күрт нашарлап кетті

Тағы да бойымызды үрей билеп, ем іздей бастадық. Израилге бардық, онда «анапластикалық лимфома» деген диагноз қойды. Бұл қатерлі ісік еді. 2011 жылы Каринаға туыс емес донарды ауыстырып орналастырды, оның жағдайы жақсара бастады. Барлығы жақсы болды, аурудың беті қайтты. Израильде өмір сүру және емделу өте қымбат болғандықтан, біз үйге кетуді жөн көрдік. Қабылдайтын дәрі-дәрмектерді өзімізбен бірге Алматыға алып келдік.

Карина Мингалеева 2019 жылы химиотерапия алғанға дейін. Отбасылық мұрағаттан алынған сурет

 

Мұнда омыртқаға салатын дәрі-дәрмектерді қолдану кезінде, Каринаға инфекция кіргізіп, Гийена-Барре Синдромы (аяқтың сал ауруы) туындады. Бір күні түнде ол төсектен тұра алмай қалды. Тағы да себебін анықтауға тырыстық.

Уақыт аз болды, синдром тыныс алу жолдарының сал ауруына әкелуі мүмкін еді. Біз Каринаны тағы да Израильге алып кеттік.

Мамыр айында ауру қайталанға дейін бәрі жақсы болған. Дәрігерлер жамбас сүйектің жалпақ басында ісік бар екенін анықтады. Оның көлемі өте үлкен болғандықтан, бірден ота жасауға болмайтын еді. Химиотерапиядан бастады. 16 блок. Кейін ота жасады. Ісігі бар сүйекті алып тастап, оның орнына имплант қойды. Операциядан кейін тағы да 18 блок химиотерапия жүргізді. 30 қарашада емі аяқталды.

Карина Мингалеева 2019 жылғы химиотерапиядан кейін. Отбасылық мұрағаттан алынған сурет

Ауыратын уақыт жоқ

Зарина қызының оқиғасын әңгімелеп жатқанда, Карина печеньенің қамырын дайындап қойды. Біздің журналистер келгенге дейін оған 8 наурыз мерекесіне орай  үлкен тапсырыс түсіпті.  Карина өзінің кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Қамырдың әр бөлігін мұқият өлшеп, тәттінің пішінін шағарады. «Қайсар солдаттың» барлық тәттілері оның қолынан шыққан.

Анасы мен әжесі табаны дайындап, печеньені пешке салып көмектеседі. Себебі Отадан кейін Каринаның аяғынан тұруына болмайды.

— Осы 10 жылдың ішінде басымыздан өткен жағдайдың бәрі есімде, — деп Карина анасының әңгімесін жалғастырды. — Әрине печенье бірден әдемі болмады, үшінші рет жасағанда ойымдағыны шығардым (жымиды — ред.). Алғашқылары өте үлкен болып, жарылып кететін. Ал өте кішкентайлары пештің ішінде көтерілмей қалатын. Ақыры өзіме керегін таптым.

Печенье жасау туралы ой Каринаға тиесілі. 8 ай бойы Израилде емханада жатқанда Карина көптеген рецепті ақтарып, ерекше дәмді болатын жолды тапты. Жаңа жылда жақындарына өзінің алғашқы печеньесін дайындап берді.

Сурет: Никита Черевко

Кейіннен печенье Интернетке таралып кетті.

— Біз волонтеріміз Анна Токишеваға дәм тарттырдық,  ол оның суретін әлеуметтік желілерге жүктеді.— дейді Зарина. —Бұдан кейін адамдар міндетті түрде Карина жасаған печеньелердің дәмін татып көргіміз келеді деп жаза бастады. Біз барлығына дәм тату үшін бергіміз келді, бірақ адамдар сатып алғысы келді.

Шегінерге жол жоқ!

Карина бастапқыда өзіне көмектеске адамдарға печенье сатқысы келмеді.

Бірақ емханадан 36 500 долларлық шот бергенде, ол сату туралы шешім қабылдады.

— Қазір 8 наурыздың қарсаңында 300 жуық печеньеге тапсырыс қабылдадық. Бұл біз күтпеген нәтиже еді. Соңғы жиырма күннің ішінде Карина өзінің еміне 512 мың теңге жинады. Бұл мыңға жуық печеньенің құны. Алда жұмыс көп.

Сурет: Никита Черевко

Мингалеевтер 2011 жылы бірінші емдеу шараларына қайырымды жандардың көмегімен 260 мың доллар ақша жинады. 2019 жылы ауру қайталанғаннан кейін отбасы өз күшімен 100 мың доллар тапты, қалған 58 мыңды волонтерлер бірнеше күннің ішінде жинап берді.

Карина 15 наурызда иммунотерапия мен реабилитация өткізу үшін Израилге барады. 36 500 доллардың 4 млн теңгесін жинау қалды.

— Бұл ең ақырғы ем, — дейді Зарина. — Әрине, ары қарай да бақылаудан өтіп тұру керек. Біз бұдан әрі үш ай сайын, кейін жарты жыл сайын тексеруге барып тұрамыз. Бірақ ол бұрынғыға қарағанда қорқынышты емес.

Каринаның болашақтан күтетін үміті көп. Ол қашықтан мектепте оқиды, гитарада ойнауды, иврит тілін үйреніп жүр. Оны достары мен сыныптастары қолдайды. Әр күні минутына дейін есептелген. Өмірінің жартысынан көбін күреспен өткізген қайсар қыз күн сайын өзіне көметесуге дайын адамдарға арнап печенье пісіреді.

Сондықтан Каринаның жеңілерге жолы жоқ.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз