Бұл туралы республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Көптеген елде жағдай бізден де қиын. Дегенмен «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан аталай асылдарымызды жұлып әкетіп жатыр. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтарымыздың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ біздің күресіміз жалғаса береді», — деді Тоқаев.
Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 51059-ға жетті. Оның 16928-і аурудан жазылса, 280 науқас көз жұмған.