Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

13 шілде — Ұлттық аза тұту күні

177

Бұл ауру әлемнің әр еліне соққы берді. 13 маусымда Қазақстанда аурудан 375 адам көз жұмды, мыңдаған адам әлі де аурумен күресуде (дереккөзі — coronavirus2020.kz).

Пандемия еліміздің басына түскен үлкен сынақ болды.

«Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», — деген президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде күнін ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Президент қазақстандықтарды халқымыздың басына түскен сынақтың алдында шыдамдылық, сабыр, жауапкершілік танытуға шақырды:

«Біз әлеуметтік жауапкершілік, ауызбірлік, таныта отырып  пандемияға қарсы тұра аламыз»

3 шілдеде Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев  өз тарапынан:

«Бүгін біз бастан кешіп отырған күрделі кезең —  бүкіл адамзатқа берілген сынақ. Бұл аурумен күресудің озық жолында адамдарды құтқару үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын дәрігерлер бар.

Медицина қызметкерлеріне ерекше алғыс айтқым келеді

365info редакциясы өз тарапынан осы пандемияда туыстарынан, жақындарынан, достарынан айырылғандардың барлығына көңіл айтады.

Бұл Қазақстан халқына ортақ, күтпеген және орны толмас қайғы.

Біз халқымыздың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін пандемиямен алдыңғы қатарда күресіп жүрген барлық дәрігерлерге, медбикелерге, волонтерларға және әлеуметтік сала қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздер біздің заманымыздың нағыз қаһармандарысыздар.

Осы күндері маска кию және қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтау, жеке гигиена шараларын күшейту секілді қарапайым шараларды ұстанып, әлеуметтік жауапкершілік танытқан адамдарға «алғыс» айтамыз. Пандемияға қарсы тұру —әрбір қазақстандық өз үлесін қоса алатын ортақ іс екеніне сенеміз.

Бәріміз біріксек алынбайтын қамал, аса алмайтын асу жоқ!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз