Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

13-15 наурыз күндері жаңбыр, қар жауып, күн суытады

Қазақстан аумағынан өтетін атмосфералық фронттар солтүстік бөлігінде қар, оңтүстікте жауын-шашын болып, арты қарға жаңбыр, сонымен қатар, тұман, көктайғақ және температураның төмендеуіне алып келеді.

Батыс және солтүстік облыстарда температура климаттық нормадан 3-7 градусқа төмен болады, фронттардың өтуіне байланысты қалған аумақта да күн суытады”, – деді синоптиктер.

12-14 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында жауын-жашын (жаңбыр басым), кей жерлерде қатты түсуі күтілуде. Осыған байланысты, мұздар еріп, өзен арналары тарылып (Алматы облысында), жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағынның пайда болуы мүмкін. Су деңгейлері көтеріліп,арнасынан асып жайылуы мүмкін.

Сондай-ақ, 12-13 наурызда Қызылорда облысында Сырдария өзенінде мұздар еріп, өзен арналары тарылып, су көтеріліп жайылуы мүмкін екені айтылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз