Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

120 млрд теңгеге тіс: қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қалай жұмсады

БЖЗҚ мәліметтері бойынша, 2021 жылы зейнетақы қоры салымшылардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған 735 110 өтінішін орындаған. Осы мақсаттарға қордан барлығы 2,5 трлн теңгеге жуық қаржы аударылды. Осылайша, бір аударымның орташа сомасы 3,4 млн.

Өтініштердің басым бөлігі Алматы (17,7%), Нұр-Сұлтан (13,4%) және Маңғыстау облысына (12,2%) тиесілі болды.

“Орындалған өтініштердің едәуір бөлігі “Отбасы банк” тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ (орындалған өтініштердің жалпы санының 95%), одан әрі “Қазақстан Халық банкі” АҚ (3,6%), “Банк ЦентрКредит” АҚ (1,3%), Altyn Bank АҚ (0,05%) және “Банк Фридом Финанс Казахстан” АҚ (0,03%) арқылы берілді”, — деп атап өтті қорда.

Көбінесе қаражат тұрғын үйді толық сатып алу үшін пайдаланылды. БЖЗҚ деректері бойынша, 2021 жылы осындай 344 мыңнан астам өтініш орындалған, олар бойынша жалпы сомасы 1,7 трлн теңгені құрады. Осылайша, жылжымайтын мүлікті азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке сатып алуға тұрғын үй жағдайын жақсартуға алынған зейнетақы қаражатының жалпы көлемінің 68%-ы бағытталды.

Ипотекалық қарыздарды өтеу де сұранысқа ие болды:

  • коммерциялық ипотекалар бойынша берешекті ішінара өтеуге (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде) — жалпы сомасы 181,3 млрд теңгеге 117 139 өтініш
  • тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара өтеуге — 98 526 өтініш, жалпы сомасы 119,7 млрд теңге

Алайда, барлық алынған қаражат мақсатына сай пайдаланылмады.

“Шамамен 320,4 млрд теңге уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) қайтарылды, себебі Қазақстандықтардың біржолғы зейнетақы төлемдері өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған”, — деп атап өтті БЖЗҚ-да.

Екі апта ішінде депозиттерге 48 млрд теңге бағытталды

Жыл соңында қазақстандықтар үшін “Отбасы банктегі” салымды толықтыру қолжетімді болды. Бұл мүмкіндік 16 желтоқсанда пайда болды және соңғы екі аптада оны 37 мыңға жуық адам пайдаланды. Орындалған өтініштердің жалпы сомасы 48,1 млрд теңгені құрады. Аса сұранысқа ие емес қызмет те бар:

“Желтоқсан айында қазақстандықтар өз жинақтарының бір бөлігін жер учаскесін нысаналы мақсаты бар азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық (түпкілікті есеп айырысу) меншігіне сатып алуға пайдалану құқығына ие болды. 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ 274 млн теңге сомаға жинақтарды пайдаланудың осы мақсаты бойынша 153 өтінішті орындады”, — делінген зейнетақы қорының есебінде.

Стоматологиялық қызметке 120 млрд теңге

2021 жылы 140 мыңға жуық адам зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделуге сұраған. Жалпы сомасы 126,5 млрд теңгені құрады, яғни әрқайсысының орташа сомасы шамамен 0,9 млн теңгені құрады.

“Орындалған өтініштердің көп бөлігі стоматологиялық қызметтерге — 120,5 млрд теңге сомаға 130 304 өтініш (өтініштердің жалпы санының 93%-дан астамы), одан әрі офтальмологиялық қызметтерге — 2,9 млрд теңге сомаға 5 953 өтініш және орфандық ауруларды емдеуге — шамамен 1,0 млрд теңге сомаға 1 112 өтініш жіберілді”, – деп атап өтті БЖЗҚ-да.

Сыртқы басқарушыларға шамамен 7,2 млрд теңге жұмсалды

Инвестициялық портфельді басқарушыға жинақтардың бір бөлігін аудару мүмкіндігі ең аз сұранысқа ие болды. 2021 жылы шамамен 7,2 млрд теңге аударылып, 4 141 өтініш орындалды (орташа сомасы – 1,7 млн жуық).

“Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы төрт БИП-пен шарт жасасты. Айта кетейік,

  • 7,2 млрд теңгенің 3,30 млрд теңгесі (46,02%) Jusan Invest АҚ-на аударылды
  • 1,95 млрд теңге (27,23%) — Halyk Global Markets АҚ-да
  • 1,15 млрд теңге (16,07%) — BCC Invest АҚ
  • 0,77 млрд теңге (10,68%) — “Сентрас Секьюритиз” АҚ-да”, – деп атап өтті БЖЗҚ-да.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз