Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

12 жастағы Жәнелге бүйрегін берген ер адам өзін алдап кеткенін мәлімдеді

Бақтияр Жылқыбаев ағасының қызына бүйрегін бөліп берген. Алайда, бауырынан барын аямаған жігіт ауруханадан шыға сала шалқасынан түскен. Өйткені, жеңгесі донордың ақысына деп ел-жұрттан бақандай 12 миллион теңге жинатып алыпты. Жәнелдің анасы қайын інісіне несиесін жауып беруге уәде берген.

“Отадан соң қиындық болып жатса, ақша, дәрі-дәрмек беріп көмектесем деген. Кейіннен ота жасатқан соң “бүйрегін сатты” деген заң бар деп қорқытып тұр. Жеңгеммен де, ағаммен де қалай операция өтті қатынасымыз жоқ, араласпаймыз да. Сотқа берген себебім, әділдік шешілсін деп бердім. Менен жасырған біріншіден. Ақшаны есептеп, мына қайырымды жандар тобына есептеп қайтарса, Қазақстанда көп бүлдіршіндер қаражат қажет ететін. Ауырып жатқан. Сол адамдарға берілсе,  бір адамның өмірін құтқарып қалар еді”, – дейді Жәнел Жайлауованың ағасы Бақтияр Жылқыбаев.

Отаның тегін өткенін айтқан жігіт жеңгесін сотқа берді. Айтуынша, Ақмарал Жақсылықова «қызымың еміне» деп 12 миллион теңгені қайырымды жандардан негізсіз жинап алған. Енді сол ақша өзге мұқтаж сырқаттарға қайтарылуы тиіс деп есептейді. Халықтан емге деп жинаған қыруар қаражаттың қайда кеткенін қыздың ата-анасы еріктілерге де ашып айтпаған. Миллиондарды дәрі-дәрмекке жұмсадық деп жылы жауып қоя салыпты. Дегенмен, дәрігерлер бұған да ақша кетіп жатқан жоқ дейді.

“2016 жылдың 30 қарашасында Жәнелдің анасына 12 млн теңге табысталды. 22 желтоқсанда ол сол ақшаға үй сатып алған. Оны дәлелді түрде айта алам”, – дейді заңгер Жанна Шапатова.

“Жанель Жайлауова емді тегін қабылдап жатыр. Дәрі-дәрмегі де тегін. Қазіргі жағдайы қалыпты. Оңалту шарасы жүйелі жүріп жатыр”, – дейді дәрігер Зейнеп Жұмағұлова.

Ал бұл сырқат қызға жаны ашыған қыз-жігіттердің жұрттан ақша жинап жатқан сәті. «Қайырымды жандар» тобының еріктілері, тіпті, түнде де түрлі акциялар ұйымдастырып, Жанельге көмектесу үшін жанын салған. Екі бүйрегі де істен шыққан жеткіншекке ақша салмаған жан қалмаған. Сол жанашыр жандардың арқасында қажетті сома лезде жиналған.

“Еріктілер тобының бастамасымен жиналған қаражатқа бүкіл халықтың үлесі бар. себебі, бұны тек біздің тобымыз ғана жинаған жоқ. Алматы, Ақтау, Шымкент, Жезқазған қалаларындағы еріктілеріміз жинады.Соттың шешімінен кейін Ақмарал Жақсылықованың қайтаратын 10 млн теңгесін біз халықтың алдында барша ауру балаларға бөлетін боламыз”-, – дейді ерікті Мәулен Алғазы.

Қайын інісі сотқа берген Ақмарал Жақсылықованың өзі телефонын сөндіріп тастаған. Дегенмен, келіншек қайырымды жандардан ақша жинап алған 12 миллионның 10 миллионнын қорға қайтарып беруі тиіс. Қазір бұл әйел соттың бұл шешіміне бағынбай, аппеляцияға шағым түсіріпті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз