Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«100 жаңа есімге» кірген азаматтар Елбасымен жүздеседі

Министрдің атап өткеніндей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы да қоғам, әлеумет өмірінің сан саласын тұтастай қайта жаңғыртуды көздейді. Осының шеңберінде Қазақстан экономикасына ақпараттық теxнологиялар кеңінен енгізіледі деп жоспарланып отыр, бұдан сырт инновацияларды жан-жақты қолдануға жол ашылады. 

Өз кезегінде орта білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының білім беру жоспарлары заман талабына қарай өзгеретін болады.

Үздік университеттерде ақпараттық-коммуникациялық кафедралар ашылып, бағдарламалау негіздеріне арналған сабақтар енгізіледі. Жаңа теxнологияларды қолдану жағынан мұғалімдердің дайындығын арттыруға баса назар аударылады.

«Осылайша, адам капиталын дамыту арқылы біз сананы жаңғыртуға қатысты нақты мақсат-міндеттерді орындай аламыз», – деп атап көрсетті осы орайда Дәурен Әскербекұлы.

Естеріңізге сала кетелік, Елордада «Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі» тақырыбында xалықаралық парламенттік конференция басталды. 

Осынау шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылып өткізіліп отыр. Мәжіліске Ресейден, Әзірбайжаннан, Түркиядан, Өзбекстаннан, Армениядан, Италиядан, Испаниядан, Қытайдан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, Болгариядаан және Мажарстан ұзын саны он бес елдің делегаттары қатысуда. Сонымен қатар, шараға АҚШ-тың сарапшылары да келді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз