Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“100 млн доллар қалды”. Швеция сотында Қазақстан үкіметі жеңіске жете алмады

Кейін Қазақстан Республикасының өтініші бойынша елшіліктің шоттарынан ауыртпалықты алып тастауға қол жеткізілді. Алайда,

сот активтердің мәртебесі, Ұлттық банктің құқықтық жағдайы және оның Ұлттық қордың қаражатын басқару бойынша өкілеттіктері туралы дәлелдерді назарға алмады.

Енді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Ұлттық банк тыйым салынған қаражаттың халықаралық келісімдерге сәйкес қол сұғылмайтындығын дәлелдей отырып, аталған шешімге Швецияның апелляциялық сотында шағым жасайтын болады.

Айта кетелік, Ұлттық қордың белгілі бір активін бұғаттауға 4 мемлекеттің соты өкім шығарған. Қазақстан бүгіндері  үш мемлекеттің сотына қарсы арыз түсіріп үлгерді. Ұлыбритания мен Нидерланды соты Қазақстан билігінің өтінішін қанағаттандырды. Сөйтіп  Ұлттық қор ақшасының көп бөлігі , яғни 22 млрд доллар бұғаттан шығарылды. Тек Швеция сотында Қазақстан жеңіліске ұшырап, 100 млн доллардан қағылып тұр, әзірге.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз