Павлодар облысында бала зорлаған футбол менеджері өмір бойына сотталды. Былтыр 1 қыркүйекте футбол клубының менеджері 10 жастағы қызды қонақүйге апарған. Ал қонақ үйдің әкімшісіне оны қарындасы деп таныстырған. Іс материалдарындағы ақпаратқа сәйкес, қонақ үйге келер алдында 30 жастағы ер адам танысымен кездесіп, ішімдік ішкен.
Қонақ үйдегі бөлмеге қалай келгені есінде жоқ. Тергеу кезінде 10 жастағы қыз айғайлай алмағанын, себебі ер адам оның аузын қолымен басып жауып тұрғанын айтқан. Қонақ үйде ер адам мефедрон қолданып, оны кішкентай қызға да қинап берген.
Істің мән-жайын және сотталушының жеке басын ескере отырып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.