Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

10 сотық жер тегін берілсе, қазақ баспана мәселесін баяғыда шешіп алар еді

Инфрақұрылым құрылысы талаптары да қалалар мен ауылдардың жағдайларына сәйкес, әртүрлi болуы керек. Үкiмет жеке тұрғын үй салуды жеделдету үшiн жеке үй салушыларға мемлекеттiк қолдау көрсетудi, арзан ұзақ мерзiмдi несие беру, құрылыс материалдарымен қамтамсыз ету, сондай-ақ тағы да басқа мәселелердi қарастыратын арнайы жеке меншiк үй құрылысын жүргiзу туралы заң жобасын әзiрлейтiн уақыт жеттi деп есептеймiн», – деді сенатор деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қуаныш Айтахановтың пайымынша, азаматтарға үй салуға жер телiмi берiлсе, олар өз қаржысы есебiнен үй салып алуға қауқарлы. Мемлекеттiң үнемделген қаржысын жағдайы төмен азаматтарға тұрғын үй салуға жұмсаған дұрыс болар едi.

«Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықты қолжетiмдi тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше көңiл бөлiнуде. 2017 жылы республикалық бюджетте бұл бағытқа 143 млрд. теңге, оның iшiнде Ұлттық қордан 103 млрд теңге бөлiнген. Алайда, елiмiзде тұрғын үй мәселесiн шешудiң ең тиiмдi жолы – жеке меншiк тұрғын үй құрылысына жеткiлiктi көңiл бөлiнбей келедi.

Мәселенiң күрделенгенi соншалықты, бүгiнде жер телiмiн алуға кезекте тұрған азаматтардың саны соңғы он жылда 14 есеге өсiп, 1,4 миллионға жеттi. Жастар үйленiп, жеке үй болып шыққысы келедi, бiрақ баспанасы жоқ. Жеке үй салып алайын десе, жер телiмi жоқ. Үкiмет жеке азаматтардың қаржыларын айналымға қосып, жеке тұрғын үй салуда барынша қолдау көрсетуi керек»,- дейді Қуаныш Айтаханов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз