Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

1-сыныпқа бала қабылдаудан бас тартқан мектеп директоры жұмысынан босады

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Алматы облысы білім беру басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлованың хабарлауынша, биылғы тамыз айының басында облыстық білім беру басқармасы 1-сыныпқа баратын балалар туралы болжам ақпараттарды түзген. Гимназия директоры Ж.Құралбаева берген ресми ақпарат бойынша, Қарғалы ауылындағы мектепке қаржыландыру жоспарына сәйкес, екі толық сынып, яғни 54 бала қабылдау жоспарланған.

«Ал гимназия директоры Құралбаева білім беру басқармасына ескертпей, жоспарланған екі сыныптың орнына бес толық сынып, яғни 134 бала қабылдаған. БАҚ-қа жарияланған мәселе осыдан туындаған», – деді Ләззат Базарқұлова.

Алматы облысы білім беру басқармасының мәліметтері бойынша, бүгінде гимназияда 55 баладан 2 сынып жасақталған. Қалған 79 бала өзге мектептерге – №3 және №4 орта мектептер, Бейсеуов, Әпсеметов, Құтпанбетұлы, Қарсақбаев, Рысқұлов, Үмбетәлі және Уәлиханов атындағы орта мектептерге ауыстырылып, оқу жылын бастап кетті.

«Үш тілде оқытатын №2 дарынды балаларға арналған Қарғалы арнайы мамандандырылған гимназиясының директоры Құралбаева өз қызметінен босатылды», – деп хабарлады Алматы облысы білім беру басқармасының басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз