Ыңғайсыздықтар пайда болғанымен, қалтамызды қақпауы керек.
Жаңа ережелердің енгізілгеннен кейін көп ұзамай айырбастау пункттерінің саны қысқарды
Бірақ бұл қазақстандықтарға қалай әсер етеді? Осыған қатысты сарапшылар түрлі пікір білдірді. Дегенмен, бұл валютаның биржалық бағамына әсер етпейді.
Экономист Айдархан Құсайынов жаңа ережелер тұтынушыларға ешқандай зиян тигізбейді дейді. Олар валюта бағамына әсер етпейді. Кейбір бақылаушылар «аман қалған» айырбастау пунктерінің иелері өз маржасын арттыруға тырысады дейді, бірақ Құсайынов бұл пікірге күмәнмен қарайды.
—Егер пункттер саны қысқарса, қалғандарының айналымы артады. Ал оның иелеріне маржаны арттырудың қажеттілігі болмайды. Нарық көрсетеді, — деді ол.
Сондай-ақ Құсаинов, тіпті айырбастау пунктері рұқсат етілген шекті орнатпағанын айтты. Теңге бағамының айналасында дүрлігу болған кезде ғана шектеу болған шығар. Қазір де сондай әрекетке барады деп айта алмаймын.
Дегенмен, қазақстандықтарда қандай да бір ыңғайсыздық болады дейді сарапшы. Бірақ соңғы уақытта адамдардың валюта сатып алу белсенділігі төмендеді деп атап өтті.
— Біріншіден, айырбастау пунктерінің саны тым көбейіп кетті. Екіншіден,
валюта сатып алатын адамдардың саны азайды. Нарық тарылып барады
— дейді.
Теңге бағамына шектеу қойылған кезде, барлығы оның алда көтерілетінін түсінді. Сондықтан әрбір ыңғайлы жағдайда доллар немесе еуро сатып алды.
— Акишевтің кезінде валюта бағамы жоғары-төмен құбылып тұрды, сондықтан
«доллар сатып алып, оларды ұстап отыру» стратегиясы жұмыс істемей қалды
Осы кезде статистика айырбастау пункттеріндегі мәмілелер санының қысқарғанын көрсетті. Шын мәнінде доллардан құтылу процесі жүрді, — дейді Құсайынов.
Алайда, сарапшы қазір курстың «құбылмалығы» туралы айту мүмкін емес екенін атап өтті.
— Ұлттық банктің қазіргі саясаты «қара жәшік» секілді, алда не болары белгісіз
Ешнәрсе түсініксіз, қандай да бір болжам да жасай алмайсың. Соның ішінде теңгенің болашақтағы жағдайы туралы бәрнәрсе айту да қиын, — деп түсіндірлі сарапшы.
Аналитик Данияр Жұмекенов 90 жылдары да айырбастау пунктерінің қызметін шектеуге тырысты деп еске салды.
— Айырбастау пунетеріне бір пайыздық салық салуды, Ұлттық Банктің тек банкке қарасты айырбастау пункттерін қалдыру туралы ниетін, кешкі жұмысқа тыйым салуды және т.б. жайттарды еске алуға болады, — деді ол.
Ол жаңа ережелерді «үкіметтің салаға қарсы жүйелі күресінің кезекті қадамы» деп бағалайды. Белгіленген жарғылық капиталдың көлемі өте жоғары және барлық фирма мұндай қаржы жинай алмайды. Нәтижесінде
2019 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда айырбастау пункттерінің саны қысқарды
Егер желтоқсанда 2 642 болса, 2020 жылдың бірінші маусымына қарай 2 500 болды.
— Алайда банктерге қарасты айырбастау пунктерінің саны өзгерген жоқ: бұрын 1 653 болса, маусым айында 1 656-ға жетті, ал Ұлттық банк айтқандай, «уәкілетті ұйымдардың» саны 140-қа қысқарды. Қалғаны «Қазпочта» АҚ-ға тиесілі: оның қатысуы өзгеріссіз қалды, — деді Жұмекенов.
Айырбастау пунктерінің басым бөлігі — ШОБ өкілдері. Олар онсыз да коронавирустан қатты зардап шекті. Бұл ретте, қызметтерінің ерекшелігін ескерсек, олар қандай да бір мемлекеттік қолдауға сенім арта алмайды.
1 шілдеден бастап айырбастау пункттерін жабудың жаңа толқынын күтуге болады
Сарапшы көптеген кәсіпкерлер соңына дейін қажетті қаражатты таба аламыз деп үміттеніп отырғанын жоққа шығармайды.
— Меніңше, қазіргі ойыншылардың 50-60%-дан астамы ғана жаңа талаптарға сай бола алады. Нарықта ірілендіру процесі жалғасады: ірі ойыншылар өз әсерін арттырса, ал шағындары жұмысын тоқтатады, — деп есептейді ол.
Теңге бағамына келетін болсақ, оған жаңа ережелер әсер етпейді, деп есептейді сарапшы.
— Валюта нарығы үлкен және ең алдымен ірі корпорациялардың операцияларына байланысты.
Саладағы бәсекелестік төмендегендіктен валюта сатып алағанда халық төлейтін комиссия көлемі артуы мүмкін
Айырбастау пунктерінің көптігі фирмалардың әрбір клиент үшін бәсекелесіп, комиссия көлемін азайтып, операциялардың санына жұмыс істеуге мәжбүрледі. Қолма-қол валюта тапшылығы болмауы тиіс:
біз тіпті наурыз айында курс құлдыраған кезде де валютаға қатысты ешқандай проблеманы байқаған жоқпыз,
яғни, қалыпты кезде де теңгеге қатысты мәселе туындамауы керек. Қазір осындай құбылысты болдырмау үшін Ұлттық банктің қолында барлық қажетті механизм бар, — деді аналитик.
Жұмекенов жаһандық нарықтағы шикізат бағасының көтерілгенін ескеріп, теңге бағамы шамалы нығаюы мүмкін деп отыр.