Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

1-қаңтардан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы өсетін болды

149

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл шара Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде жасалып отыр екен.

“ҚР Денсаулық сақтау министрлігі барлық мемлекеттік ұйымда ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға қарамастан денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбекақысы аз лауазым санаттарының 191 мың жұмысшының жалақысын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап көтереді (17 мың азаматтық қызметшілерге жататын мемлекеттік ұйымдардың және қазыналық кәсіпорындардың жұмысшылары және 174 мың шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік ұйымдардың жұмысшылары)”, – делінген ведомство хабарламасында.

Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысшыларына жалақыны көтеруге арналған шығыстарға қажеттілік – 27,2 миллиард теңге екені айтылады, оның ішінде 25,8 миллиард теңгесі “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шарттар шеңберінде медициналық қызметтердің барлық түріне белгіленген бірыңғай тарифтер бойынша қаржыландырылатын ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар бойынша.

“2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны көтеруге қаржыландыру “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы” ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына өзгерістер енгізу арқылы медициналық қызметтердің барлық түрлеріне арналған тарифтерді ұлғайту арқылы көзделген”, – делінген хабарламада.

Медициналық қызметтерге арналған бекітілген тарифтердің негізінде “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ медициналық ұйымдармен 2019 жылға денсаулық сақтау саласының еңбекақысы аз жұмысшылар санаттарының жалақысын көтеруге шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді міндетті түрде қоса отырып, келісімдер жасалатыны айтылады. Еңбекақысы аз лауазым санаттарына жалақыны төлеу мониторингісі “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ жасалған келісімдердің шарттарына сәйкес жүргізетін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз