Жеңілдетілген несиеге қанша адам көлік сатып алған?

21 просмотров

2016 жылғы 12-мамырдағы жағдайға сәйкес, «Қазақстанның Даму Банкі» жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасының шеңберінде жеке тұлғалардан несие алуға түскен 6 630 өтінімді мақұлдады. Нәтижесіндеп, 22 млрд 988,7 млн теңгенің несиесі берілген.

 

Олардың ішінен екінші деңгейдегі 6 банк отандық көлік өндірушілердің автокөліктерін сатып алуға жалпы сомасы  20 489,6 млн теңгеге  6 006 несие берді.

ҚДБ былтыр іске қосылған Жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасының операторы болып табылады. Даму Банкі агент банктердің Ұлттық қордан бөлінген несие қаражатын игеруге бақылауын үнемі жүргізуде. Бағдарлама аясында Ұлттық қордан жеке тұлғаларға Қазақстанда құрастырылатын автокөліктерді сатып алуға несие беру үшін барлығы 26 млрд теңге бөлінді.

Жеке тұлғаларға жергілікті өндірілген жеңіл автокөлік сатып алуға ҚР Үкіметі бекіткен несие беру шарттары: атаулы сыйақы мөлшерлемесі — ең көбі жылдық 4 пайыз, алайда жылдық тиімді мөлшерлеме (оның ішіне сақтандыру және автокөлікті кепілге салу шығындары кіреді)  7,5 пайыздан аспау  керек. Несие мерзімі — ең ұзағы 5 жыл, қарыз валютасы — теңге, жеңіл көліктің біреуінің бағасы — ең қымбаты 9 000 000 теңге, бастапқы жарна (бар болса) — сатып алынатын көліктің бағасынан 20 пайыз.   Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жаңартпалы сипаты бар. Яғни, ағымдағы несиелерді өтеуден түскен төлемдер қайтадан атонесие беруге жұмсалады.

машина

Загрузка...