Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жапониялық автоөндірушілер жаңа міндеттемелер енгізбек

Киодо ақпараттық агенттігі хабарлағандай, бұл шара Mitsubishi Motors компаниясына қатысты туындаған «жанар-жағармай дауы» аясында қабылдануы мүмкін, деп жазды ТАСС.

Қазір Жапониядағы өндірушілер жанар-жағармайдың орташа шығынын ғана көрсетуге міндетті. Алайда  2018 жылы жаңа ереже күшке енуі мүмкін. Оған сәйкес құжатта қалалық, қала маңындағы  және алыс жолдағы трассалардағы жанар-жағармай шығыны жеке-жеке көрсетілуі шарт.

«Нақты шығынмен ерекшелік аз болады деп үміттенеміз», – деген ведомство өкілінің сөзін келтіреді агенттік.

Осыған дейін Mitsubishi Motors компаниясына қатысты «жанар-жағармай дауы» туындаған. Оның басшылығы корпорация жанар-жағармай шығынын кемітіп көрсету үшін көліктерін ережеден тыс сынақтан өткізген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл көрсеткіш 5-10% төмендетілген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз