Қытайдағы қандастарымызға виза 3 жылға берілетін болады

140 просмотров

Қытайдағы қандастарымызға виза 3 жылға берілетін болады.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консульдық қызмет департаменті директорының орынбасары Керім Қожамбердиев мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.

«Виза мәселесіне тоқталар болсам, жыл басында Көші-қон заңына өзгерістер енгізілген кезде бұл мәселе көтерілді. Иә, бізде қиыншылықтар бар. Үрімжі қаласында да қиыншылықтар орын алуда. Себебі, ондағы консульдыққа виза аштыру үшін күніне 300-дей адам келеді. Виза аштыратындардың 95 пайызы — қазақтар. Бүгінгі таңда Қазақстан тарабынан виза ешқандай шақырусыз және консульдық алымсыз тегін  1  жылға беріледі. Қазақстанға келгенде де ешқандай шектеу болмайды. 1 жылдық визасы бар адам қалағанынша жүріп-тұра алады»,  — деді ол.

Оның айтуынша, Үрімжідегі консульдық күнделікті келетін адамдарға толық қызмет көрсетуге шамасы жетіспейді. Ал олардың штатын ұлғайту үшін Қытай тарабымен арнайы келісімге келу қажет. Өйткені, қытай тарабының еліміздегі елшілігінде қанша қызметкер болса, біздің елдің де сол жақтағы дипломатиялық өкілдігінде сонша қызметкері болуы тиіс.

«Енді Үрімжідегі кезекті азайту үшін біз жаңа ереже қабылдағалы отырмыз. Жылдың ортасында қабылдайық деп едік, бір заңдағы өзгерістерге байланысты жыл соңына қалып отыр. Жаңа ережеге сәйкес бірінші рет Қазақстанға келемін деген оралмандарға немесе қазақ диаспорасына 1 жылдық,  ал екінші рет келетін болса 3 жылға виза беріледі. Үш жылға берілетін виза Үрімжідегі кезекті азайтады деп ойлаймыз», — деді К.Қожамбердиев.

Сонымен қатар ол Қазақстанға білім алуға келген жастардың 1 жылдық виза   мерзімі аяқталса, Қытайға бармастан осы жерден-ақ ұзартуға болатындығын ескертті.

3_201607150373414685767748341

Загрузка...