Қытайда қазақ үйге ұқсас қоқыс жәшіктері пайда болды

56 просмотров

Қытайдың Шыңжан өлкесіндегі Майтау қаласындағы ықшамаудандардың біріне пошымы бөлек қоқыс жәшігі орнатылып жатыр. Ол қазақтың киіз үйіне қатты ұқсас. Бұл туралы abai.kz хабарлайды.

 

Тіпті, оның ашылатын қақпағы да қазақтың қара шаңырағының бейнесін көз алдыңызға әкеледі.

Ал қоқыс жәшігінің сырты қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен көмкерілген.

Қазақтың киіз үйі ұлттық ерекшелігімізді білдіретін бірден-бір нақышты дүние екені даусыз.

Тұрғындарының дені ұйғырлар мен қытайлар болып келетін майтаулықтар да киіз үйдің қазаққа тиесілі, әрі оның сыртқы келбеті қандай болатынын білуі тиіс. Десе де көршілес елдің қоқыс жәшігін неліктен киіз үйге ұқсатып жасауының сыры белгісіз.

Загрузка...