Тегін жұмыс істегіңіз келе ме?

168 просмотров

Түркіменстан тұрғындарының көбі уақытын ақысыз ерікті жұмыстарға жұмсайды. Олардың көбі Ирак және Ливиядағы бейтаныс адамдарға көмектесуге дайын екен. Ал әлемнің ең жомарт адамдары Бирмада, АҚШ-та және Австралияда тұрады.

CAF қайырымдылықты дамыту және қолдау көрсету қоры әлемнің 140 елінде адамзаттың қайырымдылығы мен көмектесуге қаншалықты дайындығы жөнінде зерттеу жүргізген. Онда адамдардың қайырымдылық шараларына қаражат беруі, бейтаныс адамдарға көмектесіп, оны тамақтандырып, соңғы киімін шешіп беруге қаншалықты дайындығы зерттелген.

Постсоветтік кеңістіктің ішінде ең жомарт ел Өзбекстан екен — 140 елдің ішінде 11-орынға шыққан. Халықтың 52 пайызы әртүрлі қайырымдылық шараларына қатысады.

15-орынға Түркіменстан шыққан. Онда тұрғындардың 40 пайызы үнемі садақа беріп, 60 пайызы ақысыз ерікті жұмыстарда істейді екен. Бұл әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Қырғызстан бұл рейтингте 34-орын, Тәжікстан 87-орын, Қазақстан 96-орында. Соңғы орындарда Армения (130-орын) мен Әзірбайжан тұр.

rabota

Загрузка...