Тәртіп бұзған депутаттарды оңдырмайтын болды

97 просмотров

ҚР Парламентi Мәжiлiсi төрағасының жанынан депутаттық әдеп кеңесi құрылып отыр. Енді этиканы бұзған депутаттар жазаланатын болды.
Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

Бүгiн Мәжілістегі жалпы отырыста барлық мәселелер қаралған соң Нұрлан Нығматулин Мәжiлiс төрағасының жанынан депутаттық әдеп кеңесi құрылғанын хабарлады. Кеңеске жетi депутат кiрiп отыр.

— Бұл кеңес депутаттық әдеп ережелерiн бұзған жағдайда тиiстi заңдарды басшылыққа ала отырып, Орталық сайлау комиссиясымен бiрлесiп, депутаттық этиканы бұзуға жол бермей, оның iшiнде керек уақытта жазалау шараларын қолдану жөнiнде ұсыныстарды әзiрлейтiн болады, — дедi Мәжіліс төрағасы.

Депутаттық әдеп кеңесiн Қуаныш Сұлтанов басқарады. Кеңес құрамына Сауытбек Әбдiрахманов, Құралай Қаракен, Евгений Козлов, Екатерина Никитинская, Шавхат Өтемiсов, Тұрғын Сыздықов кiрдi.

— Кеңес құрамына барлық саяси партиялардың фракциялары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкiлдерi кiрiп отыр. Бұл әлемдiк тәжiрибе, бүкiл дерлiк парламенттерде осындай комиссия бар. Менiң ойымша, бiздiң палатада да осындай кеңестiң болғаны дұрыс, — дедi Нұрлан Нығматулин.

Загрузка...