Соңғы 5 жылда Қазақстанда 64 экстремистік актінің алды алынған

42 просмотров

Қазақстанда соңғы 5 жыл ішінде террористік және діни-экстремистік қылмыс жасағаны үшін 445 адам сотталды. Биылғы жылдың басынан бері 25 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал тергеу изоляторында 50-ге жуық адам отыр.

Бұл цифрлар «Қазіргі замандағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу және бұлтартпаудың заңды және институциялық шаралары» атты дөңгелек үстелде айтылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков мәлімдеді.

«Қазақстанда соңғы 5 жыл ішінде террористік және діни-экстремистік қылмыс жасағаны үшін 445 адам сотталды. 2016 жылдың басынан бері 25 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал тергеу изоляторында 50-ге жуық адам отыр», — деді Білісбеков.

2011 жылдан бері экстремистік акцияларға әзірлену кезінде 64 зорлық-зомбылық актісі тоқтатылды, ал 2016 жылы осындай 9 факті ауыздықталды.

Оның айтуынша, халық көп жиналатын орындарда, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың нысандарында террористік шабуылға жол берілмеді.

«Ауғанстан, Сирия, Ирактағы халықаралық террористік ұйымдардың лагерлерінде қарулы қақтығыстар басталғаннан бастап, сол елдерге Қазақстанның 45 азаматы жер аударған. Оның 33-і өздігінен елге оралды. Олар террористік әрекетке қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды», — деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Загрузка...