Шымкентке тауар әкелуге кеткен сарыағаштық келіншек із-түссіз жоғалып кетті

183 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысында полиция із-түссіз жоғалған 27 жастағы Сарыағаш ауданының тұрғынын іздестіріп жатыр.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 11 тамыз күні Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасына қарасты полиция бөлімшесіне 27 жастағы жергілікті тұрғын келіп, оның 1989 жылы туылған, яғни 27 жастағы әйелі Құрбанова Нүрипа Талғатқызының 10 тамыз күні Шымкент қаласында үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы арызданған.

Белгілі болғандай, 27 жастағы әйел күйеуімен Сарыағаш ауданындағы базарлардың бірінде жұмыс істейді және Шымкент қаласына тауар әкелуге кеткен.

Аталған жайт Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасы полиция бөлімшесінің қылмыстық істердің бірыңғай тіркеліміне енгізілді.

27 жастағы Нүрипа Құрбанованы іздеуге аудандық полицияның жеке құрамы мен облыстық криминалды полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Із-түссіз жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтау мақсатында барлық полиция бөлімшелеріне бағыттама-нұсқау жіберіліп, жедел іздестіру тобы құрылды.

Жоғалған Нүрипа Құрбанованың белгілері: бойы шамамен 165-170 см., орта денелі, қара шашты, шашы иығына түскен, көзі қоңыр. Көк түсті шалбар, жасыл түсті футболка, қара түсті аяқ киім киген.

ОҚО полицейлері бұл кісіге қатысты қандай да бір ақпарат білетіндер болса, 102 немесе 8-771-883-30-13 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Загрузка...