Сәкен Майғазиевтің анасы Instagram жұлдызына айналды

239 просмотров

Әнші Сәкен Майғазиевтің 79 жастағы қарт анасы Сәкеннің Instagram желісіндегі парақшасындағы қолданушыларын таң тамаша қалдырды.

Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

Әнші Сәкен Майғазиев анасымен және басқа да туыстарымен дастархан басында әңгіме-дүкен құрып отырған видеоны ел назарына ұсынды. Видео астына әнші:

«Әлтөре әкеміз бен Амангүл анамызға амандасуға келгенбіз. Инстаграмды ойлап тапқан адам ОҚО-ның Созақ ауылындағы 79 жастағы Ұлтай Мырзамбекқызының инстаграмды әңгіме қылып отыратынын білмеді-ау, ә?», – деп жазды.

Жазбада әншінің анасы ұлының ауылға келе жатқаны туралы Instagram желісінен білгенін айтқан. Мұны естіген дастархандас әжей мұның не нәрсе екенін сұрағанда, қарт ана елдер суретке түсіріп алып, сонда салып жататын жер екенін айтып салған.

Загрузка...