Рио-2016: еркін күрестен қазақ қызы Эльмира Сыздықова қола медаль ұтып алды

76 просмотров

Рио Олимпиадасында түнде әйелдер арасындағы еркін күрестен жерлесіміз Эльмира Сыздықова Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль салды.

 

 

Қазақтың балуан қызы қола медаль үшін күресте мысырлық Энас Мостафаны 7:4 есебімен ұтып, Қазақстан еншісіне алтыншы қола медалды жұлып алып берді.

Алдында Сыздықова жұбаныш белдесуінің бірінші кезеңінде моңғолиялық Очирбатын Насанбурмааны 3:1 есебімен ұтқан болатын.

— Қазір жеңісім үшін қандай да бір сезімдемін деп айта алмаймын. Бір белгілісі, мен қатты шаршадым, анамды көргім келеді.

Мен Қарағандыда тұрамын, ал ата-анам Солтүстік Қазақстан облысында тұрады. Олар қазір көз ілмей, мен үшін қобалжып отыр, —  деді Сыздықова „Р-Спорт„ ресейлік агенттігіне берген сұхбатында.

Сыздықова олимпиада турнирінің бірінші жекпе-жегінде ресейлік Наталья Воробьеваға жол беріп қойған. Ол күмісті еншіледі.

— Мен бірінші кездесуімде бозкілемге ресейлік балуанмен шықтым. Қарсыласым мықты, мен қатты дайындалдым, бірақ… Демек, жеткілікті деңгейде болмай шықты. Олимпиада ойындарында барлығы жеңіске жеткісі келеді, мұнда жеңемін деп келеді.

Мен де жеңу үшін келдім, бірақ, өкінішке қарай, болмады. Қазір қай жерден қателік жіберіп алғаныма басым жетпей тұр.

Бір демалып, мұның барлығын қорытып алу керек, — деді Сыздықова.

Загрузка...