Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Дәулет Шабанбай Беларусь балуаны Ибрагим Саидовқа жол берді.
1/8 финалда жерлесіміз Ибрагим Саидовтан айласын асыра алмай, 0:7 есебімен ұтылып қалды.
Айта кетейік, егер Беларусь балуаны финалға шықса, Дәулет Шабанбай үшінші орын үшін күресуге мүмкіндік алатын еді.
Алайда Ибрагим Саидов ширек финалда түркиялық Таха Ақгүлден жеңіліп қалды, осы себепті де Дәулет Шабанбай қола жүлде үшін күреспейді.