Ресей олимпиада комитетінің президенті отставкаға кетті

32 просмотров

Ресей олимпиада комитетінің президенті Александр Жуков отставкаға кететінін мәлімдеді.

Бұл туралы Азаттық хабарлады.

Жуков Мемлекеттік дума спикерінің орынбасары ретіндегі қызметіне баса көңіл бөлгісі келетінін айтты. Ол Халықаралық олимпиада комитетінің мүшесі және 2022 жылы Пекинде өтетін Қысқы олимпиаданы үйлестіру комиссиясының басшысы болып қала беретінін айтты.

Александр Жуков спорттағы допингке қарсы шараларды реформалау ниетін білдірген соң таяуда ХОК-ке мүшесі болып сайланған ресейлік белгілі спортшы, сырықпен секіруші Елена Исинбаева Ресей олимпиада комитетін басқара ма басқармай ма деген жайттан хабары жоғын білдірді.

Ресейлік ақпарат құралдары бұған дейін Исинбаеваның комитет президенті болудан үмітті екенін хабарлаған.

Жуков Ресей олимпиада комитетіне 2010 жылы президент болып, комитет мемлекеттік допингке қолдау көрсету бағдарламасына қатысқаны үшін беделінен айырылған соң отставкаға кетіп отыр. Ресейдегі спортшылардың жаппай допинг қолданғаны әшкереленген даудан соң 100-ден астам ресейлік спортшы Рио-де-Жанейро олимпиадасынан шеттетілген.

9d085b39-0a27-41d4-8e64-3367e0419168_cx29_cy9_cw71_w987_r1_s_r1

Загрузка...