Питтің көзіне шөп салып жүргенін естіген Джоли ішіп кетіпті

2 665 просмотров

Атақты Голливуд жұлдыздары Брэд Питт пен Анджелина Джоли ажырасқалы жатыр.

Бұл туралы Inquisitr сайты хабарлапты. Сайттың жазуынша, жұлдызды жұптың ажырасуына аз қалған, қазір қос тараптың заңгерлері құжаттармен жүгіріп жүр.

Ал Питт пен Джолидің арасына от салған француз сұлуы Марийон Котийяр көрінеді. Котийяр мен Питт бұдан бұрын «Одақтастар» атты фильмде бірге түскен.

Питтің көзіне шөп салып жүргенін естіген Джоли ішіп кетіпті. Күйеуі болса оның қайғысына қайғы жамап жазғы демалысты отбасымен өткізудің орнына достарымен бірге Хорватияға кетіп қалған.

Айта кетелік, жұлдызды жұптың ортақ жиған-тергені 450 млн.долларға бағаланып отыр.

bbd4f22a1a

Загрузка...