Павлодарлық полицейлер арақ құйылған пластикалық шөлмектерге толы жүк көлігін ұстады

35 просмотров

Павлодарлық полицейлер «Ертіс» бақылау-өткізу пунктінде араққа толы пластикалық шөлмектердің 40 қаптамасы тиелген жүк көлігін ұстады. Тексеру барысында салон мен жүк салғыш бөлігінде этил спиртінің иісі мүңкіген пластикалық шөлмектер анықталып, 800 шөлмек алынды.

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Полиция капитаны Рымбек Мағзұмов, старшина Азамат Жомарт және аға сержант Мейіржан Смағұлов 24 жастағы павлодарлық тізгіндеген «ГАЗ-3310» автомобилін тоқтатқан.

— Тексеру барысында салон мен жүк салғыш бөлігінде этил спиртінің иісі мүңкіген пластикалық шөлмектер анықталып, 800 шөлмек алынды. Көлік иесінің тасымалдаған жүкке қатысты құжаты болмаған, — деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментіндегілер.

Нәтижесінде автокөлік айыппұл тұрағына жеткізіліп, жүк толы көлік есігіне құлып салынып, тәркіленді. Тексеру материалдарын полицейлер Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментіне жолдады.

Загрузка...