Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
11
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

„Қорғас ісіне„ қатысты қылмыстық топтың жетекшісі Талғат Қайырбаевтың бауыры құрықталды

111

Ағасының тапсырмасымен әрекет еткен ол, таныстары М. Зиманов, У. Әубәкіров, Құсманов пен Р. Жүсіпов арқылы лауазымды тұлғаларға 3,2 млн. доллар пара берген. Олар өз кезегінде Талғат Қайырбаевты қылмыстық жауапкершіліктен босатуы тиіс болған.

Бекболат Қайырбаевқа 2012 жылдың наурызынан бастап іздеу жарияланған-ды.

Қазіргі уақытта ол Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулағышына қамалды.

Айта кетерлігі,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Қорғас ісіне» қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың іздеуде болған барлық мүшелерін құрықтады.

Еске сала кетелік, «Қорғас ісі» бойынша 45 адам сотты болған. Олардың 43-і қамауға алынған-ды. Айыпталушылардың көпшілігі кеден қызметінің аймақтық органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі жоғары лауазымды шенеуніктер болған.

Сот пікірі бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы Қытайдан Қазақстанға контрабандалық жолмен тауарлар өткізіп отырған. Іс материалдарында аталған қауымдастықтың «аса ірі көлемде экономикалық контрабанданы өткізгені» айтылған.

Бұл істегі басты тұлғалар – Талғат Қайырбаев бас бостандығынан 16 жылға, ал Бақыт Отарбаев 13 жылға айырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз